Бішкекте зауыт өртенді

Бішкекте зауыт өртенді

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тез дайындалатын кеспе шығаратын кәсіпорын отқа оранған.

Тілсіз жау 4 мың шаршы метрді жалмап үлгерді. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Аумақ қоршауға алынған. Әзірге өрттің шығу себебі және зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.