Трампқа қарсы қылмыстық іс қозғалды
Дональд Трампқа қарсы қылмыстық іс қозғалды.
Мұндай шешімді Нью-Йорк сотының қазылар алқасы шығарды. АҚШ тарихында алғаш рет бұрынғы президентке қарсы қылмыстық айып тағылды. Жалпы Дональд Трамқа қарсы бірнеше іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Мәселен, әділет министрлігі экс-президент қызметінен кеткен соң Флоридадағы саяжайында құпия құжаттарды сақтады деп айыптады. Конгресс комитеті болса Трамп жақтастарының Капитолийге шабуылын тексеріп жатыр. Сондай-ақ бұрынғы президенттің 2016 жылғы сайлау науқаны кезіндегі қаржылық есептері күмән тудырған.