Парижден тыныштық кетті
Францияда наразылық басылмай тұр. Нант қаласында ереуілшілер от қойып, жаппай тәртіпсіздік жасады.
Полиция ашынған топты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды. Бұған қарымта ретінде шерушілер сақшыларға жарылғыз заттар мен отты шөлмектер лақтырды. Полицияның шектен тыс озбырлығына қарсы экобелсенділер де бас көтерді. Парижден де тыныштық кетті. Мұнда бірнеше ереуілші қамауға алынған. Айта кетейік, бұл наразылық акциясы жыл басынан бері болып жатыр. Бесленділерді зейнетақы жасын 62-ден 64-ке көтеру туралы заң жобасы ашындырған.