Филиппиныда өрт салдарынан көз жұмғандар саны 31-ге жетті

Филиппиныда өрт салдарынан көз жұмғандар саны 31-ге жетті. Бұған дейін құрбандар болған 12 адам деп хабарланған еді. 

Ақпарат көздерінің деректеріне қарасақ, кемеде түнде басталған тілсіз жау 8 сағаттан кейін ауыздықталған. 200-ден астам адам лапылдаған оттан қашын суға секіріпті. Оларды жергілікті балықшылар мен жағалау қызметі құтқарған екен.  Паром елдің оңтүстігіндегі ЗамбоАнга қаласынан Холо аймағына қарай бағытпен жүргені белгілі болды. 23 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.