Ирак астанасында құмды дауыл соқты

Ирак астанасында құмды дауыл соқты

Ирак астанасында құмды дауыл соқты. Соның салдарынан 500-ден астам адам тыныс алуы қиындап, ауруханаға түскен.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен азаматтардың бәріне шұғыл медициналық көмек көрсетілген. Бағдатта кейінгі жылдары құмды дауыл жиілеп кетті. Осыған байланысты сарапшылар қатты алаңдаушылық білдіріп отыр.