Франция электросамокаттарға тыйым салуы мүмкін
Осы мәселе бойынша Парижде референдум өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қала тұрғындары осы көлік құралдарын жалға беруді жалғастыру немесе оны толығымен тоқтату бойынша таңдау жасайды.
Негізі самокат Францияда танымал көлік түрі саналады. Былтыр елдегі жалға беру компаниялары 2 млн-ға жуық азаматты тасымалдаған. Десе де кей тұрғындар самокаттың қозғалысы мен жылдамдығы оны тізгіндегендер үшін де, автокөлік жүргізушілері үшін де аса қауіпті екенін алға тартады. 2022 жылы одан 500 адам зардап шеккен.