Камчатка түбегінде жер сілкінді

Камчатка түбегінде жер сілкінді

Ресейдің Камчатка түбегінде 6,9 балдық жер сілкінісі болды.

Бұл туралы елдің Геофизика қызметі хабарлады.

Куәгерлер аймақ орталығы Петропавловск-Камчатск қаласында қабырғалар қозғалып, терезелер салдырлағанын айтады. Шошып кеткен кейбір тұрғындар үйден сыртқа қашқан. Бірнеше аудан жарықсыз қалып, жарты сағаттан кейін қайта жанған. Зілзала ошағы Авачи шығанағында тіркелген. Бірақ цунами қаупі жарияланған жоқ.