Жапонияда шағын және орта бизнес құлдырады

Жапонияда шағын және орта бизнес құлдырады

Жапонияда экономикалық дағдарыс салдарынан шағын және орта бизнес құлдырады.

Екі жыл қатарынан кәсіпкерлердің табысы ең төменгі деңгейге жеткен. Соңғы 3 айда ірі компаниялардың белсенділік индексы 7-ден 1-ге түскен. Ел экономикасының қозғаушы күші - экспорт төмендеп кеткен. Өндіруші компаниялар елде бұрын соңды мұндай жағдай болған емес деп дабыл қағуда. Жалпы қаржы саласының құлдырауы елде пандемия уақытынан бері күшейе түсті. Енді билік туризм мен қызмет көрсету саласын жандандыруға барын салуда. Жапония Жалпы ішкі өнім бойынша әлемде төртінші орында. Былтыр  оның мөлшері 5,1 трлн долларды құрады.