Испания жекеменшік зымыран ұшыруға дайын
Испан стартапы алғашқы "Миура-1" (MIURA1) ғарыш құралын ұшыруға дайын екенін мәлімдеді.
Бұл ұзындығы 12 жарым метрлік шағын зымыран. Ол жылына 4 рет қатынайды. 100 келіге дейін жүк тасымалдай алады. Жақын арада аталған құрал Испания Қорғаныс министрлігінің аэроғарыш базасынан аттанады. Осы миссия сәтті жүзеге асса, келесі сапарға "Миура 5" (Miura 5) құралы дайындалады. Ол коммерциялық жерсерік операторларына арналмақ.
Эсекьель Санчес, стартап жетекшісі:
- Осы жолғы миссия маңызды. Себебі оның нәтижесіне келесі құралды жасақтау, жетілдіру ісі байланысты болады. Коммерциялық мақсатта ғарышқа зымыран ұшыра алатын әлемде 9 ақ ел бар. Испания осындай 10-шы мемлекетке айналса дейміз.
Айға аттанатын миссияның құрамы бекітілді
Сондай-ақ НАСА айға аттанатын "Артемис 2" миссиясының құрамын бекітті. Олардың арасында 3 американдық пен 1 канадалық бар. Олар келесі жылы Айды айналып шығып, оны жақыннан көрген алғашқы адамдарға айналуы мүмкін. Бұл миссия шамамен 1 аптаға созылады деген болжам бар.