Францияда жанармай жетіспейді
Франциядағы жанармай құю бекеттерінің біразы отынға қатысты қиындыққа тап болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған жаппай ереуілдер себеп. Әсіресе елдің батысындағы жағдай қиын. Мұндағы кешендердің жартысында жанармай жоқ. Өйткені мұнай өңдеу саласының қызметкерлері биліктің зейнеткерлік реформасына наразылық ретінде жұмысқа шықпай жатыр. Соның салдарынан жанармай тиісті орындарға уақытылы жеткізілмеген.