АҚШ-та былтыр есірткіден 100 мың адам қайтыс болды

АҚШ-та кейінгі бір жылда синтетикалық есірткіден 100 мың адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиғалардың үштен екісіне фентанил себеп болған. Былтыр құзырлы органдар бұл заттың 379 миллион дозасын тәркілеген. Мамандар оның әсері героиннен 50 есе күшті екенін айтады. Тиісінше қаупі де зор.  

Ниа Кассельман, оңалту орталығының қызметкері:

- Бұрындары жаңалықтардан есірткіге тәуелді адамдар туралы материал шыққанда, үй-күйі жоқ, көшеде түнейтін қаңғыбастарды көрсететін. Бірақ ахуал өзгеріп келеді. Қазір фентанилді тұрмыс жағдайы орташа адамдар, әсіресе жастар көп пайдаланады.