Конгода лай көшкінінен 21 адам көз жұмды
Конгоның шығысында лай көшкіні жүріп, 21 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы бірнеше тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Құрбандар арасында 14 бала мен 7 әйел бар. Құтқарылған 1 кісі ауруханаға жеткізілді.
- Лай көшкіні таңертең сағат 11:30 шамасында болған. Бұл уақытта әйелдер мен балалар кір жуып жатқан. Біз құтқаруға тырысқанымызбен, еш көмек бере алмай қалдық.