АҚШ-та 40-тан астам үй жанып кетті
«Жығылғанға – жұдырық». АҚШ-тың жойқын торнадодан зардап шеккен оңтүстік және орталық-батыс бөлігінде орман өртеніп, Оклахома штатында 40-тан астам үй күлге айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өрт сөндірушілер от жалмаған өңірдегі тұрғындардан шұғыл қауіпсіз жаққа көшуді талап еткен. Бұл оқиғаға дейін 11 штатта бірнеше торнадо соғып, 32 адамның өмірін қиған болатын.