Brent маркалы мұнай қымбаттады
Қазір оның баррелі 85,32 долларға сатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – әзірге биыл тіркелген ең жоғары баға. Осының алдында «ОПЕК плюс» қара алтын өндірісін мамырдан бастап жыл аяғына дейін біртіндеп азайту туралы шешім қабылдаған болатын. Мұнан кейін мұнай да қымбаттай бастады. Bloomberg агенттігі хабарлағандай, енді инфляцияның жаңа толқыны болуы мүмкін. Кейбір сарапшылар жазда Brent-тің бағасы 110 долларға жетеді деп болжап отыр.