Австралияда TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салынады
Ресми деректерге қарасақ, енді үкіметтік барлық құралдарда бұл порталды қолдануға рұқсат жоқ.
Бас прокуратураның мәлімдеуінше, бұл ұлттық қауіпсіздік мақсатында жасалып отырған шара. Дегенмен австралиялықтардың пікірі екіге бөлінді. Бірі атышулы қосымшаны пайдалану заман талабы десе, кейбірі мұндай шектеудің болғаны дұрыс деп пайымдайды. Осылайша, енді АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия мен Австралияда Қытайдың әлеуметтік желісін пайдалануға шектеу қойды. Батыс елдері портал қолданушылардың жеке деректері Қытай билігіне жетеді деп қауіптенеді.