АҚШ-та жастар қару-жараққа қатысты ереуілге шықты
АҚШ-та тағы наразылық. Теннесси штатында студенттер мен оқушылар ереуілдетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жастар қару-жараққа қатысты реформа жүргізуді талап етіп жатыр. Нэшвилл қаласында өткен қарсылық акциясына мыңдаған адам қатысқан. Олардың көбі сабақтарын тастап келген. Дүйім жұрт қаруға қатысты түрлі жазба ұстап шыққан.
Таяуда Нэшвилдегі қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болды. 28 жастағы Одри Хейл Ковенант мектебіндегі атысты алдын ала ойлап, айлар бойы ұйымдастырған көрінеді. Ол жаппай оқ жаудыру оқиғаларын терең зерттеген. Хейлдің мектепте 152 оқ атқаны белгілі болды. Осы қайғылы оқиғадан 6 адам көз жұмған еді, оның жартысы оқушылар болатын.