Колумбияда жанартаудан қауіп төніп тұр
Колумбияда жанартаудан түтін шығып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бір апта бойы мұнда жағдай тұрақсыз. Билік 15 шақырымға дейін қашықтықта орналасқан үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірмек. Бірақ адамдар одан бас тартып отыр. Үйлерін тастап кеткісі жоқ. Мамандар қазір өңірде қауіп деңгейі қызғылт сары түске жетті дейді. Жергілікті құтқарушы бригадалар жақын маңдағы тұрғындардың барлығын өңірден уақытша кетуге шақырады. Өйткені жанартаудан сұйықтық ағылатын болса, өңірдегі байланыс жүйесінің нашарлығынан, адамдарға ескерту жетпей қалуы мүмкін.
Айта кетейік, бұл жанартау 1985 жылы қатты атқылап, ел тарихында ірі апат болған еді. Салдарынан 25 мың адам қаза тапты.