Жерорта теңізінде 400-ден аса заңсыз мигрант құтқарылды
Арасында балалар да бар. Олар су мен тамақсыз 4 күн бойы ашық теңізде қалып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Абырой болғанда, мамандар барлығын аман алып қалды. Бірақ құтқару операциясына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтірді. Босқындардың арасында Сирия, Пәкістан, Египет, Сомали азаматтары бар. Қазір барлығы Италияға жеткізілді. Мемлекет көші-қон дағдарысынан, зардап шегіп отыр. Жыл басынан бері мұнда 28 мың адам су арқылы заңсыз келген. Былтыр бұл сан 4 жарым есе аз болған.