Қытайда цинмин мерекесі басталды

Қытайда цинмин мерекесі басталды

Қытайда "Цинмин" фестивалі басталды.

Ата-аналарына қамқорлық таныту мақсатында тұрғындар жаппай туған жерлеріне сапар шегіп жатыр. Яғни бұл мерекенің басты мақсаты - шыққан тегін ұмытпау, құрмет көрсету. Сондай-ақ марқұм болып кеткен ата-бабаларын еске алып, қабірлерін тазалау фестиваль аясында өтетін дәстүрдің бірі.  Жалпы "Цинмин" қытай тілінен аударғанда "таза жарықтың мерекесі" дегенді білдіреді.

БЛИЦ:

- Бүгін біз демаламыз. Туған жеріміз алыс болғандықтан бара алмай қалдық. Алайда дәстүрге сай ақшаны жақтық.

- Цинмин мерекесін тойлау және дәстүрді кейінгі ұрпаққа жеткізу меніңше өте маңызды. Бүгін отбасымызбен жиналып, тілектерімізді айтамыз.