Түркияда ауызашарды хабарлаушы жұртты оятады
Түркияда жылына бір-ақ ай жұмыс істейтін мамандық иесі бар.
Оның басты міндеті қасиетті рамазан айында сәресіге шақырып, ауызашарды хабарлау.
Бір қарағанда жеңіл кәсіп болып көрінгенімен бұл мамандықты кез- келген адам атқара амайды екен.
Коч әулетінде бесіктегі баладан- жетпістегі қариясына дейін дауылпазшы. Рамазан айында арнайы Анкараға келіп, 30 күн бойы ауыз бекіткен жандарды дауылпаз соғып, мәни айтып сәресіге оятады. Мәни, біздегі жарапазанға ұқсайды. Бір ғана айырмашылық бар. Мәни, сәресі уақытында қалың ұйқыда жатқан халықты тұрғызу үшін айтылады.
Ахмет Коч, Рамазан дауылпазшысы:
- Ес білгелі осы жұмыспен айналысамын. Атам мен әкем бізге білген мани шумақтары мен дауылпазды соғуды үйретті. Таңғы 3 шамасында көше аралап, халықты сәресіге оятап мол ықыласына бөленеміз. Осының өзі ерекше сезім сыйлайды.
Рамазан дауылпазшысы. Бірақ ол кез келген адамның қолынан келе бермейді. Алдымен жергілікті әкімшіліктен рұқсат қағазын алу қажет. Құжат тек арнайы курстан өткендерге беріледі.
Ченгиз Булут, махалле әкімі:
- Дауылпазшының сотталмағаны жөнінде анықтамасы мен кәсіби біліктәлігіне байланысты құжаттарын сұраймыз. Бәрі дұрыс болса, “махалле дауылпазшысы” деген анықтаманы береміз. Анықтаманы, үй аралап сыйақысын сұраған кезде өте қажет дүние.
Тек Ыстамбұлдағы мыңға жуық ауданда 3400 дауылпаз қызмет көрсетеді. Жылына бір ай жұмыс істейтін мамандық иелеріне ресми жалақы төленбейді. Олар рамазан айының басында яки аяғында үй- үй аралап, сыйақыларын жинайды.
Халил Ибрахим Дениз, Рамазан дауылпазшысы:
- 40 жылдан бері рамазан айында Анкараға келеміз. Қасиетті айда шамамен 140 мың теңгедей табыс табамыз. Үй аралап, дауылпазшы құжатын көрсетеміз. Белгілә соммасы жоқ. Тұрғындар не берсе, соғср шүкір етеміз. Қалған айларда той- домалақтарда музыкалық аспапта ойнаймыз.
Сәресіге шақыруымен бірге ауызашардың уақытын да хабарлайтын арнайы дәстүр бар. Бұл міндетті ғасырлар бойы зеңбірек ату арқылы әскерилер атқарып келген. Зеңбірек қаланың барлық тұрғындарының есітетін жеріне орналастырылған. Ал Ыстамбұлда бұл дәстүр Османлының тарихи әрі діни орталығы - Сұлтанахмет алаңында атқарылады.
Заман өзгергенімен түрік жұрты ұлттық мәдениеті мен Осман империясы кезеңінен қалыптасқан құндылықтарынан бас тартпайды. Бұл ғылыми тұрғыдан, халықтың терең тарихы мен мәдениетін паш етсе, туризм тұрғысынан демалушылардың қызығушылығын одан сайын арттырары сөзсіз.