Швеция НАТО-ға жазда қабылдануы мүмкін
Швеция 11 шілдеге қарай НАТО-ға қабылдануы мүмкін.
Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен "Еуроньюс" арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Ол бұл үдерісті Түркия мен Венгрия қолдайды деп сенім білдірді. Финляндияның әскери одаққа кіруіне қарсы болған олар кейін бұл ұстанымын өзгерткені белгілі. Осының нәтижесінде фин елі альянстың 31-мүшесі болады. Естеріңізге сала кетейік, Финляндия мен Швеция Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс басталғаннан кейін НАТО-ға қосылуға өтініш берген болатын.