Канадада миллион адам жарықсыз қалды
Канаданың Монреаль және тағы бірнеше қаласында нөсер жаңбыр жауып, дауыл тұрды.
Желдің екпіні секундына 60 метрге жеткен. Опырылған ағаштар электр желілерін үзді. Осыған байланысты Квебек провинциясында 800 мыңдай адам, ал Онтарио провинциясында 200 мың тұрғын жарықсыз отыр. Электр желісінің қашан қалпына келетінін билік әзірге нақты айта алмай отыр. Монреаль әуежайында жүзден астам рейс кейінге шегерілді.