Тайвань өкілінің АҚШ-қа сапарынан шу шықты
Тайвань әкімшілігі басшысының АҚШ-қа жасаған сапары шу туғызды.
Таяуда Құрама штаттарының Палата спикері Кевин Маккарти Тайвань өкілі Цай Инвэньмен кездескен еді. Бұған Қытай қарсылық білдіріп отыр. Ресми Бейжің мұны Қытай Халық Республикасының егемендігіне және тұтастығына нұқсан келтіреді дейді. Анығырақ айтсақ, Қытай Тайваньді өз провинциясы деп есептейді. Бірақ мұны Тайбэй мойындамай, тәуелсіздігін орнатуға күш салуда. Ал АҚШ екі жақтың мүддесін қорғауға қатысты стратегиялық бағыт ұстануда. Тайваньға қатысты дау соңғы кездері ушығып барады. Бұған дейін америкалық өкілдер палатасының бұрынғы спикері Нэнси Пелосидің де Тайвань еліне жасаған сапары сөз болған еді. Салдарынан Қытай ауқымды әскери жаттығулар ұйымдастырған.