Лондонда әуежайдан 100 мл сұйықтықты алып өтуге рұқсат берілді
Лондондағы әуежайлардың бірінде 100 миллилитр сұйықтықты тексерусіз қолға ұстап өтуге рұқсат берілді.
Сондай-ақ бұдан былай жолаушыларға ноутбук және басқа да техниканы тексертудің қажеті жоқ. Бұл жаңа компьютерлік томографтардың арқасында мүмкін болып отыр. Сканерлер сөмкенің ішіндегі затты анық көрсетеді. Енді Британия үкіметі келесі жылдың жазына қарай барлық әуежайларды аталған техникамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Естеріңізге сала кетейік, әуежайларда сұйықтыққа қатысты қауіпсіздік ережелері 2006 жылы енгізілген еді. Бұған Лондонннан АҚШ-қа ұшқан лаңкестердің ұшақты қолдан жасалған сұйық бомбамен жаруға әрекеттенгені себеп болды.
Блиц
- Үлкен айырмашылық сезіледі. Кезек азайды. Тексерістен тез өтеміз.
- Бұл үлкен жетістік. Жүкті тексеру үдерісі едәуір жеңілдеді.