Иран мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтірді

Араға 7 жыл салып, Иран мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі ел делегацияларының кездесуі Бейжіңде өтті. Бұл уағдаластық Қытайдың ресми өкілдерінің арағайындығымен жүзеге асып отыр. Алдағы 2 ай ішінде екі мемлекет елшілер жіберіп, қайтадан өзара байланысты бекітпек.

2016 жылы Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіп, дипломатиялық қатынастар үзілген еді.