АҚШ-тың Розвилл қаласындағы саябақта атыс болды

АҚШ-тың Розвилл қаласындағы саябақта атыс болып, 1 адам ажал құшты.

Тағы 3-уі жарақат алған. Арасында жол полициясы бар. Оқ жаудырған күдікті қамауға алынды. Ол ұсталардан бұрын 2 кісіні кепілдікке алған. Әзірге оның не үшін оқ атқаны белгісіз.

Келби Ньютон, Розвилл полиция департаментінің капитаны:

- Бұл күдікті полицияға қарсылық танытып, жолай өтіп бара жатқан 2 адамды кепілдікке алып, өзін қорғамақ болды. Атыс жалғасып, ақыры тәртіп сақшылары оны қолға түсірді.