Адам басқаруынсыз жүретін көліктерден ақау табылды
Сан-Франциско қаласында роботакси автобусқа соқтығысқаннан кейін «Дженерал моторс» компаниясы адам басқаруынсыз жүретін көліктерді кері қайтарып жатыр.
Автокөліктегі компьютерлік құрылғы жолдағы кейбір көлік құралдарының қозғалысын нақты анықтай алмаған. Абырой болғанда, ешкім жарақат алған жоқ. Енді көліктің компьютерлік бағдарламасы жаңартылады. Тесла компаниясы да Модель-3 электр көліктерінен ақау тауып, техниканы жөндеп жатыр.