Альпі тауларында қар көшкіні жүрді
Альпі тауларында қар көшкіні жүріп, 4 адам көз жұмды. Бірнеше азамат жараланған. Бұл туралы елдің Ішкі істер департаментінің басшысы Жеральд Дарманен мәлім етті.
Апат Ле-Контамин-Монжуа өңірінде тіркелген. Қаза тапқандар шаңғышылар болуы мүмкін. Олардың есімдері анықталып жатыр. Жергілікті тұрғындар мамандар апат туралы ешқандай ескерту жасамағанын айтады.