Қытай Тайваньға соққы беру жұмыстарын пысықтады
Қытай Тайвань айналасындағы әскери жаттығудың екінші күні аралдағы негізгі нысандарға соққы беру жұмыстарын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған ондаған кеме мен жойғыш ұшақтар тартылды. Тайвань билігі 70-тен астам ұшақ пен 11 әскери кеме жақындап қалғанын мәлімдеді. Олар Бейжіңнің бұл әрекетіне жауап қайтарылатынын жеткізді. АҚШ мемлекеттік департаменті Қытайды сабырға шақырды. Ресми Бейжің 3 күнге жалғасатын ауқымды жаттығуды Тайвань басшысының АҚШ-қа жасаған сапарынан кейін бастаған болатын.