Грузияда оппозиция шеруі өтті
Халық елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді абақтыдан босатуды талап етіп жатыр. Шеруді ұйымдастырғандар саяси тұтқындалған азаматтарға еркіндік сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ауқымды наразылық шарасы ел астанасы Тбилисиде өткен. Оппозиция өкілдері Грузияның Мәскеумен жасалған тығыз қарым-қатынасын айыптап, бұл ел егемендігіне, мүддесіне қайшы келеді деді. Наразылық акцияға мемлекеттің бұрынғы президенті Георгий Маргвелашвили де қатысты. Ол 2014-2018 жылдар аралығында елді басқарған.
Шеру бейбіт өткен, заңбұзушылық тіркелмеді.