«Катаргейт» ісі бойынша күдікті босатылуы мүмкін

Қатардағы жемқорлық бойынша Еуропарламентте тергеліп жатқан бельгиялық Марк Тарабелла түрмеден шығуы мүмкін.

Адвокаттардың айтуынша, сот осындай шешім қабылдаған. Бұған дейін бұрынғы еуродепутат Пьер Антонио Панцери де босатылған еді. Ол Қатардың мүддесіне сай шешім шығару үшін депутатттарға пара берген деген күдікке іліккен. Енді ол тергеу ісіне көмектесуге келісті деген ақпарат бар. Италиялық Франческо Джорджи де еркіндікке шығарылды. Қамалған 4 күдіктінің ішінен Еуропарламенттің экс-вице-спикері Ева Кайли ғана түрмеде отыр.