Индиана штатында зауыт өртенді
АҚШ-тың Индиана штатында қалдықты қайта өңдейтін зауытта өрт шықты.
Билік Ричмонд қаласының 2 мыңнан астам тұрғынын шұғыл қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Оқиға орнына ондаған өрт сөндіру бригадасы мен құтқарушылар тартылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Полиция зауыттағы жұмыстың 10 жыл бұрын тоқтап, ғимараты қаңырап қалғанын айтады. Қасақана от қою мүмкін деген болжам бар. Билік тұрғындарды үйдің терезесін ашпай, балалар мен жануарларды сыртқа шығармауға шақырды.