Британияда пабтар жабылып жатыр
Ұлыбританияда жыл басынан бері 150 паб жабылды.
Электр энергиясы мен азық-түліктің қымбаттауы сыраханаларға ауыр тиді. Инфляцияның кесірінен келетін жұрт та азайды. Былтыр осындай 400 дәмхана жабылған. Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта жағдай ушығатын түрі бар. Өйткені шығынын ақтай алмай жатқан кәсіпкер көп.