Трамп айып тағылғаннан бері алғаш рет сұхбат берді

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп 34 қылмыстық бап бойынша айып тағылғалы алғаш рет сұхбат берді.

"Фокс ньюс" телеарнасының эфирінде ол Нью-Йорктегі соттың қорқынышты өткенін айтты. Трампқа 2016 жылғы президенттік сайлауалды науқанға арналған ақшаны мақсатсыз жұмсады, заңсыз іс-әрекеттке барды және әшкерелеуші ақпаратты жасыру үшін жалған құжаттар жасады деп айыптар тағылған.

Дональд Трамп, АҚШ-тың бұрынғы президенті:

- Сот ісі қорқынышты өтті. Бойымды үрей биледі. Негізі мен ешқандай да жаман нәрсе жасаған жоқпын. Менің ойымша, Байден сайлауға қайта түсе алмайды. Бұрынғы сайлауда демократтардың өзі оны жеңіске жетеді деп күткен жоқ-тын. Ал адамдар Байден жеңіске жетті деп даурығып жүр. Бірақ мен одан көбірек дауыс жинадым. Мен тарихтағы кез келген президенттен көп дауысқа ие болдым.