Жаңа Зеландиядағы хайуанаттар бағында қар барысы пайда болды

Жаңа Зеландия астанасының хайуанаттар бағында 2 қар барысы пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Австралияның Мельбурн қаласынан әкелінді. Жыртқыштар жабайы аңдарды көбейту бойынша арнайы халықаралық бағдарлама аясында көбейтілді. Қар барысы мекен ететін аудандардың тарылуы мен браконьерліктен азайып кеткен. Қазір жер бетінде 7 мыңдай қабылан ғана қалған.