АҚШ-та жасанды интеллект бейнелеу өнеріне де жетті
АҚШ-та жасанды интеллект жасаған туындылардың галереялары жұрттың көңілінен шықты. Мысалға Сан-Францискода ақырзаман мұражайы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кенеп пен бояудың орнына компьютер. Жасанды интеллект бейнелеу өнеріне де жетті. АҚШ мұражайлары мен галереяларында нейрожүйе жасаған ондаған туынды қойылған. Бұл үшін жасанды ой-сана интернетте бар кескіндерді қолданады. Жоба жетекшілері авторлық құқық қорғалу мақсатында әрбір суретті жіті тексереді.
Рефик Анадол, жаңа медиа суретшісі:
- Мына коралдарды көріп тұрсыз, жасанды болғанымен, тірі коралдарға өте ұқсас. Бұған жету үшін нейрожүйе 10 миллион суретін зерттеген. Өкінішке қарай, климаттың өзгеруіне байланысты көптеген коралға зақым келген. Естеліктерімізді сақтап қалу үшін жасанды интеллекті қолдануымызға болады.
Ақпараттық технологиялар орталығы саналатын Сан-Фрацискодағы бір мұражайдың орны бөлек. Үйлесімділіксіз музейінде ықтималды болашақты елестету ұсынылды.
Одри Ким, мұражай басқарушысы:
- Мұнда негізінен жасанды интеллект мүмкіндіктерін көрсететін өнер туындылары ұсынылған. Көбісі шынында да іске асуы мүмкін.
Алайда тез дамып жатқан технологиялардың қарсыластары да бар. Сыншылардың айтуынша, нейрожүйелер авторлық құқықпен қорғалған миллиондаған суретті көшіріп өңдейді. Бұған тиісті рұқсаты да жоқ. Сондай-ақ, адам денесінің кейбір мүшелерін және бірқатар заттарды дәл сала алмайды.
Суканья Саркар, суретші:
- Апталап, айлап бір сурет салатын адамдар бар. Адам салған сурет пен бағдарлама жасаған картинаны бірден айырасың. Жасанды интеллект шығарған өнері адам туындысына ешқашан жетпейді.
Дыбыс шығару мен сурет салуда технологиялар үлкен жетістікке жеткенмен, адамға тән шығармашылық пен ой өрісі жетпей отыр.
Авторы: Бекболат Тұрмаханов.