Солтүстік Корея Шығыс теңізіне зымыран ұшырды
Солтүтік Корея көрші елдердің наразылығына қарамастан зымыран ұшырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл жолы баллистикалық снаряд Шығыс теңізіне қарай жіберілді.Зымыран ұзақ қашықтыққа ұшатын және орташа диапазонды деп сипатталады. Оңтүстік Корея деректеріне сүйенсек, көрші ел бір апта байланысқа шықпай, әскери мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап қайтармай отыр. Тақауда Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын: «Алған бетімізден таймаймыз, әскери күшіміздің қуатын жетілдіре береміз», - деген еді. Ресми Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуларына осылай жауап қайтарды. Жапония зымыраннан қауіп төнген Хоккайдо префектурасының тұрғындарын эвакуациялауға кірісті.