Сирия мен Тунис дипломатиялық байланыс орнатады

Араға 10 жыл салып, Сирия мен Тунис дипломатиялық қарым-қатынасты жандандыруға келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік Африкадағы мемлекетте Сирия елшілігі ашылатын болды. Тунис те Дамаскке елші жіберіп, өзара байланысты бекітпек. Қазір екі елдің Сыртқы істер министрліктері консультациялық жұмыс жүргізіп жатыр. 2012 жылы Сирияда азаматтық соғыс басталғанда Араб лигасы елдері бұл мемлекетке дипломатиялық бойкот жариялаған еді. Ұйым мүшелері Шам билігінің оппозиция шерулерін күшпен басуын қатаң сынға алып, айыптаған болатын.