Чилиде жастар наразылығы күшейді
Чилиде студенттер ереуілдетіп жатыр. Жастар ел астанасы Сантьягода шерулетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Полиция жастарды тарату үшін су шашып, көз жасаурататын газ қолданған. Студенттер полицияға қатысты заңға қарсылық білдіріп жатыр. Жаңа өзгерістерге сәйкес тәртіп сақшыларына қарсы жасалған кез келген әрекет қатаң жазаланады. Заң құқық қорғаушылардың құзыретін кеңейте түспек. Amnesty International халықаралық ұйымның мәлімдеуінше, полицияның қатыгез әрекеттеріне көз жұму, халықтың ашуын туғызып, адам құқықтарын шектейді. Халықаралық ұйым 2019 жылы ереуіл кезінде биліктің халыққа қарсы зұлымдығын қатаң айыптап, Чилиге қарсы санкциялар қабылдаған еді. Сарапшылар жаңа заң күшіне енсе жағдай қайталануы мүмкін деп отыр.