Норвегия Ресей елшілігінің 15 қызметкерін елден шығаратын болды
Норвегия Ресей елшілігінің 15 қызметкерін елден шығаратын болды.
Осы елдің сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, олар дипломатиялық лауазымын бүркемелеген барлау қызметінің офицерлері. Ұзақ уақыт оларды бақылап, әрекеттері елге қатер төндірді деген ұйғарымға келді. Ресей билігі бұл қимылына жауапты шара қабылдайтынын жариялады. Былтыр Норвегия үш ресейлікті елден шығарған болатын.