Қазақ хандығының көне картасы Еуропа тұрғындарының назарына ұсынылды
Қазақ хандығының көне картасы Еуропа тұрғындарының назарына ұсынылды. Тарихи құжат 15 -19 ғасырларды қамтиды.
Көрмеге қойылған мына жәдігерлер қазақ тарихы үшін құнды. Себебі мыңнан астам еуропалық және америкалық көне карталарда қазақ мемлекеті көрсетілген. Деректер 15-19 ғасырларды қамтиды. Мәселен мына 1690 жылғы картада казақ тартари деген жазулар біздің таризымыздың тереңде жатқанының дәлелдейді. Карталар галереясы еуропарламент қабырғасында 14 сәуірге дейін көпшілік назарына ұсынылады.
Ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров тарихи деректерді әлемнің әр түкпірінен, Еуропаның кітапханаларынан жинаған. Қазақ хандығы жайлы алғаш атласта көрсеткен бельгиялық, нидерландылық картографтар құрметіне кітап Брюссельде жарық көрді.
Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, заманауи зерттеулер институтының директоры:
- Жалпы еуропалық ортағасырлық карталарында Тартария, жалпы Тартари деп түркітілдес түркінәселдес халықтарды белгіленген болатын. Мәселен Қассақи тартари бұл Қазақ түрктері мемлекеті, Ногая тартари бұл ноғай түрктері мемлекеті, сондайды білдіреді. Және Мағна Тартария Ұлы Тартария мекені деп осы Еуразияның кеністігің айтқан болатын. Бұл - мемлектеміздің төлқұжаты. Яғни, Мемлектеміздің арғы жағы осы Керей және Жәнібек хандар біздің мемлекеттің ірге тасын салған 1465 жылдан бастап осы әлі күнге дейін өзінің орнын тапқан.
Қазақ хандығының 1465 жылы құрылғаны туралы деректер АҚШ, Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Италия және Германияның әлемдік картографиялық баспалары әзірлеген атласта көрсетілген. 130 көне картадан тұратын атлас кітабы экспозицияны ұйымдастыруға сеп болды
Марғұлан Баймұхан, ҚР Бельгия корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі:
- Еуропалықтар қазіргі Қазақстанды көруге дағдыланған, бірақ біз оларға 15-16 ғасырлардан бастап, бізде мықты мәдени, тарихи, сауда байланыстары болғанын, оның ішінде Еуропа елдерімен қарым-қатынас соңғы 30 жылдағыдан да терең екені туралы месседжді жеткізгіміз келеді.
Карстен Луке, еуродепутат:
- Бұл бір-біріміз туралы, Қазақстан және Орта Азия жайлы, оларды әртүрлі тарихи дәуірлердегі адамдар қалай қабылдағаны туралы көбірек білуге өте жақсы мүмкіндік. Бұл білім беру тұрғысынан да маңызды. Елге жас мемлекет ретінде қарау дұрыс емес, мемлекеттің ғасырлық тарихына, халықтың тілі мен мәдениетіне қарау маңызды.
Осы мақсатта Қазақ Хандығы туралы 7 томдық картографиялық басылым баспаға дайындалуда. Ол Орталық Азияда қалыптасқан "мемлекет" ұғымы жайлы мол ақпарат береді.
Карталар галереясы еуропарламент қабырғасында 14 сәуірге дейін көпшілік назарына ұсынылады.