Жерорта теңізінде 2 қайықта болған мигранттар құтқарылды

Жерорта теңізінде 2 қайықта болған мигранттар құтқарылып, Мальтаға жеткізілді.

Ливия мен Мальта арасында бұл адамдарды сауда кемесі құтқарды. Ереже бойынша мигранттар аралға жеткізілді. Жақында Мальта мемлекеті Италия мен адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар тарапынан қатал сынға ұшыраған. Босқындарды қабылдамау үшін, Мальта қайықтарды құтқаруға асықпайды екен. Айдың басында, осы аралға жауапты аймақта 400-ден аса мигрант мінген кеме апатқа ұшырады. Жақын аймақта екі сауда кемесі болған. Алайда Мальта билігі құтқару жұмыстарын жүргізбеуге бұйрық берді. Тек жанармаймен қамтамасыз етуге, рұқсат етті. Ақыры оларды Италия теңізшілері құтқарып алды. БҰҰ-ның мәліметінше, жыл басынан бері Мальта тек бір мигрантты қабылдапты.