Нью-Йоркте 4 қабатты көлік тұрағы қирады
Нью-Йорктің Төменгі Манхэттен ауданында 4 қабатты көлік тұрағы қирап, 1 жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
5 кісі жарақат алды. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға болған кезде көлік тұрағында жұмысшылар жөндеу жүргізіп жатқан. Нью-Йорктің Құрылыс департаменті бұл ғимаратта 45 ақау болғанын, оның 25-і 2003 жылдан бері дұрысталмағанын мәлімдеді. Ақаулардың көбі лифттің жұмысымен байланысты, - дейді мамандар.
Лиам Гаета, студент:
- Жер сілкінгендей болды. Қатты дауыс естілген соң, бізді университеттен шұғыл сыртқа шығарды.
Эрик Адамс, Нью-Йорк мэрі:
- Осы жолы біз қираған ғимаратқа робот ит кіргіздік. Өйткені ішке адам жіберу өте қауіпті болды. Сондай-ақ ішкі көріністі нақты көру үшін дрон технологиясын пайдаландық.