Иранның рухани жетекшісі референдумды қолдамады
Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменей елде түрлі мәселе бойынша референдум өткізуді қолдамайтынын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол бұл туралы Иранның бұрынғы президенті Хасан Руханидің пікіріне қатысты мәлімдеді.
Иранның экс-басшысы жақында билікті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат туралы халық пікірін білу үшін референдум өткізуге шақырған болатын. Ол егер билік о бастан осы жолды ұстанса елде қазіргідей мәселелер тумас деген еді.
Әли Хаменей, Иранның рухани жетекшісі:
- Кез келген мәселе бойынша референдум өткізе беруге бола ма? Мұндай тәжірибе қай елде бар? Өткізген күннің өзінде оған қатысатын адамдардың бәрі бірдей халық талқысына салынған сұрақты дұрыс сараптай ала ма? Бұл елде дау туғызып, халық арасына жік салады. Сондықтан кез келген мәселеге қатысты референдум өткізу дұрыс болмас.