Суданда қаза тапқандар саны артты
Судандағы қарулы қақтығыстан қаза тапқандар саны 270-ке жетті.
Тағы 2600 адам жарақат алған. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәлімет. Ұйым басшысының айтуынша, аймақтағы ахуал өте күрделі. Ауруханаларда маман жетіспейді. Дәрі-дәрмек те таусылуға жақын қалған. Естеріңізде болса, сәуірдің 15-інде Суданның ірі қалаларында тұрақты армия мен жедел әрекет ету күштері арасында қақтығыс басталды. Кеше тараптар атысты бір тәулікке тоқтату туралы бітімге келген еді. Алайда бірнеше сағат өте шабуыл қайта басталды.