Йемен астанасы Санада 85 адам ажал құшты

Йемен астанасы Санада 85 адам бірін-бірі таптап өлтірді. Бұл туралы британиялық "Гардиан" басылымы хабарлады.

Ал мына бейнежазбаны жергілікті телеарна таратты. Жұрт  Рамазанда тегін үлестірілген затқа таласқан. Тағы 322 тұрғын жарақат алған. 13-інің халі ауыр. Ішкі істер министрлігі ақша таратқан 2 саудагерді қамауға алды.