АҚШ-тың Оңтүстік Флорида штатында жанармай жетіспей жатыр
АҚШ-тың Оңтүстік Флорида штатында жанармай жетіспей жатыр.
Бұған өткен апдада толассыз құйған нөсерден пайда болған тасқын себеп. Көшелер мен жолдарды су шайып, сұйық отын тасымалы тоқтап қалды. Штаттың Төтенше жағдай басқармасы бекеттерге 500 галлон қосымша жанармай жеткізді. Газ станцияларында да ұзын-сонар кезек пайда болды.
Джесус Родригес, Майами тұрғыны:
- Мен бассейндерді суға толтыратын жұмыста істеймін. 2 күн сайын қатынауым керек еді. Бірақ жұмысымыз жүрмей жатыр. Яғни бұл күндерге жалақы да төленбейді. Енді күнкөріс қиындайды деген сөз. Уайымнан терең күйзеліске түсіп кеттім.
Суданда су тапшы
Қарулы қақтығыс болып жатқан Судан астанасы Хар-тумда су тапшы. Тұрғындар ыдысын көтеріп, қалада, тіршілік нәрін іздеп, сабылып жүр. Судың қашан болатыны белгісіз. Осының алдында қарсыластар 24 сағатқа, бейбіт бітім жасасу туралы, келісімге келген еді. Бірақ, оқ атпау режимі, кеше түнде қайтадан бұзылып, халықты тағы үрейлендіріп қойды.
Мохаммад Қасем, жергілікті тұрғын:
- Су үлкен мәселеге айналды. "Жығылғанға - жұдырық" демекші, қақтығыстан зардап шеккен жұрт енді су таппай, сенделіп жүр. Әшейінде дүкенде толып тұратын минералды су да таусылды. Биліктен мына жағдайды тез арада реттеуді сұрап жатырмыз.