Азияда аптап ыстық орнады
Азияда күн ысыды. Құрлықтың оңтүстік бөлігінде, әсіресе Үндістан мен Қытайда рекордтық аптап тіркелді.
Климат-танушылар биылғы сәуір Азия тарихындағы ең ыстық ай деп бағалады. Температура бағаны Лаоста 42, Мьянмада 44, Таиландта 45 градусқа жеткен. Үндістанда қолайсыз ауа райынан 13 адам көз жұмып, кейбір штатта мектептер жабылды. Пәкістан мен Бангладеште бірнеше күннен бері сынап бағанасы 40 градустан түспей тұр. Осы айда күн-райының құбылуы Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстанда да байқалды.