Әлем елдеріндегі Ораза айт мерекесі

Әлем елдерінде барша мұсылман жұрты бүгін Ораза айт мерекесін тойлап жатыр.

Мынау Албания астанасы Тиранада түсірілген кадрлар. Айт намазына мыңдаған адам қатысқан. Ал Катарда қасиетті мерекеге орай жақында ғана футболдан әлем чемпионаты өткен стадионға 15 мың адам жиылған. Балқан елдерінде де Ораза айт сән-салтанатымен атап өтілуде. Босния және Герцеговинада мыңдаған адам Айт намазына қатысқан. Бұл елде тұрғындардың жартысынан астамы ислам дінін ұстанады.