Түркияға турист көптеп ағылды
Түркияда ораза айт күндері елде туристер қаптап кетті.
Курорттық аймақтағы қонақүйлердің барлығы дерлік толды. Мейрамға орай елде 3 күн демалыс берілді. Бірақ апаттық аймақтағы тұрғындардың үйме-үй аралап, көңіл-күй көтеріп жүрген жоқ. Зілзаладан қаза тапқандарға құран бағыштап, зиярат етуде.
Айтқа орай 14-24 сәуір аралығында қалааралық жолдарда 99 мыңнан астам қауіпсіздік сақшылары күзетеді. 13 тікұшақ пен 138 дрон әуеден қадағалайтын болады. Мұндағы мақсат, жол апаттарының алдын- алу. Өйткені, елдегі көлік қозғалысы апаттарының көбі айт уақытында болады. Мейрам ішкі туризмді жандандырды. Курорттық аймақтағы қонақүйлердің 90% толды.
Апаттық аймақ тұрғындары үшін биылғы айт жылдағыдай емес. Мұндағы жұрт зілзаладан қаза тапқан жақындары қабірін зиярат етіп, құран бағыштап жатыр. Ал, уақытша шатырларда өмір сүретін тұрғындар бұрынғы мейрамдық күндерді аңсап жүр.
Сердар Көкел, тұрғын:
- Ораза айттың біз үшін орны айырықша. Барлық жұмысты тастап, туған-туыстарды аралайтынбыз. Үйге қонақ келсе бақыттан басымыз айналатын. Қазір болса, бәрі технология арқылы бір-бірін құттықтайды. Сосын, жойқын жер сілкінісінен 11 өңіріміз зардап шекті. Қаза тапқандар, зардап шеккендер көп. Осындай жағдайда мейрам ретінде тойлау да жарамас.
Оғузхан Жошан, тұрғын:
- Алау түскен жерін күлге айналдырады. Апатты аймақта туған- туыстарым жоқ. Десе де бәріміз бір ұлттың ұрпақтарымыз. Қайғырамыз. Құдай мұндай апаттарды басқа салмаса екен деп тілейміз.
Ыстамбұлдағы Сұлтанахмет мешіті 5 жылдық реставрация жұмыстарынан кейін қайта ашылды.
Үш жыл бұрын бір бөлігі мешіт ретінде қызмет көрсете бастаған Аясофияда толық іске қосылды. Елде демалыс жарияланғанымен сайлау науқаны қызу жүріп жатыр. Саяси партия жетекшілері, үміткерлер мен министрлер кабинеті мүшелері әртүрлі өңірлерді аралап, халықпен кездесу өткізуде.